Қаржы • 05 Қараша, 2024

Енді мемлекеттік қызметшілерге сыйақы берілмейтіні рас па

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа ҚР Қаржы министрлігі толық жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді мемлекеттік қызметшілерге сыйақы берілмейтіні рас па

Фото: qazaqstan.tv

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.

«Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу). Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ», делінген ведомство хабарламасында.