Президент • 06 Қараша, 2024

Президент Франция көшбасшысын келесі жылы Қазақстанға шақырды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Франция көшбасшысын келесі жылы Қазақстанға шақырды

Фото: Ақорда

«Францияға мемлекеттік сапарым кезінде көрсетілген ыстық ықыласқа ерекше тәнті болдым. Мазмұнды келіссөздердің қорытындыларын жоғары бағалаймын. Маған және барша Қазақстан халқына білдірген құрметі үшін Президент Макронға шынайы алғысымды айтамын. Франция көшбасшысын келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырдым», деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.