Үкімет • 06 Қараша, 2024

Су тасқынына дайындық: гидротехникалық құрылыстар тексерілді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігі келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысында гидротехникалық құрылыстарды тексерді, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқынына дайындық: гидротехникалық құрылыстар тексерілді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Елімізде 8 бассейндік инспекция: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас жұмыс істеп тұр. 

Министрлік ұсынған дерек бойынша, Тобыл-Торғай бассейнінің су қоймалары 62%, Есіл бассейні су қоймалары 85%, Жайық - Каспий бассейні су қоймалары 37%, Ертіс бассейні су қоймалары 83%, Нұра-Сарысу бассейні су қоймалары 86%, Арал-Сырдария бассейні су қоймалары 23%, Балқаш-Алакөл бассейні су қоймалары 89% және Шу-Талас бассейніне қарасты су қоймаларына 54% су жиналған.

«Қазіргі уақытта солтүстік, батыс және шығыс өңірлердегі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін жасалуда. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп тұр. Судың мол болуына байланысты 76%-ға толған Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасы транзиттік режимге ауыстырылады», деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.

Министрлік қазір су қоймалары кестеге сай жұмыс істеп тұрғанын және жоспар су тасқыны болжамына сай түзілетінін ескертті.