Фото: Қала әкімдігі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше қазіргі уақытта жүйеге 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардағы 45 мың камера қосылған, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға жетеді.
Жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін «Сергек» кешенінің 300 камерасы орнатылып, қаладағы осындай кешендердің жалпы саны 1 мың 641-ге жеткен.
Сонымен қатар, «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы шеңберінде жыл соңына дейін 71 денсаулық сақтау нысанында да қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылмақ.