Оқиға • 08 Қараша, 2024

Астанада ер адам эвакуатор арқылы көлік ұрлаған

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлерге Honda Accord көлігінің иесінен арыз түскен. Тұрғынның айтуынша, ол бір ай бұрын көпқабатты үйдің ауласына жарамсыз көлігін тастап кеткен. Осы уақыт ішінде көлікті белгісіз біреу ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада ер адам эвакуатор арқылы көлік ұрлаған

Фото: astek.kz

Көлік иесі көлікті бір ай бұрын тастап кеткенін, кейін оның жоғалғанын анықтап, шығынды 500 мың теңгеге бағалағанын мәлімдеген.

Анықталғандай, ұры 38 жастағы азамат болып шыққан. Ол көлікті иесіз деп ойлап, жағдайды пайдаланып, эвакуатор шақырған. Эвакуатор жүргізушісін көліктің өзіне тиесілі екеніне сендіріп, көлікті үйіне дейін жеткізіп алған.

Күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындап, полицейлерге көлікті біраз уақыт аңдығанын түсіндірген.

Көлік заңды иесіне қайтарылып, ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.