Аймақтар • 12 Қараша, 2024

Алматы облысында аспалы көпір салынады

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Қара каньонда аспалы шыны көпір салынады. Оның құны 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында аспалы көпір салынады

Фото: gochina.ru

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, «ASK Capital» ЖШС Қара каньонның туристік аймағында аспалы көпір салуды жоспарлап отыр.

«Жобаның құны – 1,5 миллиард теңге. 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2025-2026 жылдар», делінген хабарламада.

Туристік аймақты дамыту үшін Қара каньонға электр желісін қосуға 87 миллион теңге бөлінгені атап өтілді. Сондай-ақ 400 миллион теңге инвестиция тартылған.

Шыны көпір 80 метр биіктікте орнатылады. Оның ұзындығы - 170 метр және 500 адамның салмағын көтере алады.