Әлемдік кинематографиялық мұраны сақтауға және насихаттауға арналған бұл беделді фестивальда терең мәдени контекст бар. Іс-шара ұлттық кинематографияның дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық аудиторияның назарын аударды.
Ұйымдастырушылар кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор дүние деп тапқан.
Жыл сайын «Cinema Heritage» фестивалі әлемдік киноиндустрияның майталман өкілдерін жинап, үздіктерді анықтайды. Осы маңызды іс-шарада аталған фильмнің еленуі отандық кино өндірісінің деңгейі мен әлемдік кинематографиядағы орнын көрсетеді.
Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
Айта кетейік, аталған фильм еліміздің атын халықаралық аренада таныстыру үшін «Оскар» комитетіне ұсынылды.
Маржан ҚУАТҚЫЗЫ,
журналист