Оқиға • 19 Қараша, 2024

Мәскеуде Қазақстан азаматын тонаған күдікті ұсталды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау тұрғынын тонап кеткен күдікті Мәскеуде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәскеуде Қазақстан азаматын тонаған күдікті ұсталды

Фото: POLICE_of_KZ

ІІМ мәліметінше, 2018 жылы қаскүнем күш қолданып, Ақтау қаласының тұрғынын тонаған.

«Мәскеуде ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша қарақшылық шабуыл жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сонымен қатар күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.