Фото: ШҚО ПД
Самар ауданындағы тау-кен жұмыстарына арналған жарылғыш заттарды апара жатқан VOLVO жүк көлігі Өскемен-Самар тасжолының 75-шақырымы тұсында жарылып, жүргізуші және жолаушы жан тапсырған.
Облыстық ПД мәліметінше, қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығы бақылауына алған.