Оқиға • 20 Қараша, 2024

Алматыда ер адам алаяқтарға «телефон станциясын» жалға берген

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда киберполиция қызметкерлері арнайы операцияны сәтті өткізіп, оның барысында интернет алаяқтығы үшін шағын АТС ұйымдастырған жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ер адам алаяқтарға «телефон станциясын» жалға берген

Фото:Polisia.kz

Жақында Алматыда киберполиция арнайы операция жүргізіп, оның барысында жалдамалы пәтерде шағын автоматты телефон станциясын ұйымдастырған 26 жастағы жігіт ұсталған.

Тінту кезінде SIM-карталарға арналған 32 слоттары бар SIM-қорап, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 SIM картасы табылған.

«Үйді тінту кезінде 32 SIM-карта слоты бар SIM-қорап жабдығы, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 SIM картасы табылды. Бұл жабдықты интернет-алаяқтар анонимді болып қала отырып, әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді белсендіру, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады. Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын «жұмысты» интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат қамауға алынды», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.