Оқиға • 21 Қараша, 2024

Қалалық кеден зертханасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталған

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 18 қарашасында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық кеден зертханасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталған

Фото: Ерлан Омар

Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

«Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталған.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.