Тексеру кезінде 12 ақ түсті қағазға оралған кәмпит пен бір белгісіз ақ ұнтақ табылып, қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылған.
Тергеу барысында өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті және ақ ұнтақ заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың 31,99 грамм кептірілген марихуана және 0,41 грамм мефедрон екені белгілі болып отыр.
Осыған байланысты сәлемдеме жеткізушіге ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.