Сурет: qaz.ulysmedia.kz
Өңір тұрғындарын газбен қамтудың қазіргі көрсеткіші 75% болып тұр. Биыл 30 млрд теңгеден аса қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылып, осы көрсеткіш 78 пайызға жетеді.
«Мемлекет басшысы ауылды кешенді түрде жетілдіріп, заманауи инфрақұрылымды дамыту керектігіне баса мән беріп отыр. Осы міндет аясында келер жылы тағы оннан аса елді мекенді газдандыру жоспарда бар. Бұл ауыл тіршілігінің тамырына қан жүгіртіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады. Былтыр ғана Сырдария ауданының бюджеті 12 млрд теңге болса, қазір 16 млрд 108 млн теңгеге жетіп, аудан халқы үшін өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігі молайды», деді облыс басшысы.
Аймақ басшысының тұрғындармен кездесуінде өңірде жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы айтылып, ауыл жұртшылығы атқарылған жұмыс үшін алғысын жеткізді.
Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы