Белгілі болғандай, 30 қараша күні қала тұрғындары 8 қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді байқап полицияға хабарласқан.
- Хабарлама бойынша жедел әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы Әнуарбек Хамидоллаев дереу пәтердің иесін анықтап, оқиға орнына шақыртып пәтерге өтіп секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп атап өтті ведомстводан.
33 жастағы әйел адамның пәтерді жалға алған алғаны анықталды. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке баруына не себеп болғанын полицияның жедел-тергеу тобы тексеруде.