Фото: Ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 27 қарашада Алматының Түрксіб ауданында болғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылардың 56 жастағы танысы оларды жанжал барысында өлтірген.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.