Теннис • 02 Желтоқсан, 2024

Теннисші Әмір Омарханов Мексикада жеңімпаз атанды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Теннисші Әмір Омарханов Мексикада жеңімпаз атанды

Фото: Olympic.kz

Әмір Омарханов Ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жеткен.

Финалда Әмір мен Тимофей турнирдің бірінші нөмірлі спортшылары – чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Ал жекелей сында Омарханов жартылай финалда француз Томас Фурельге 2:6, 3:6 есебімен жол берген.

Соңғы жаңалықтар

«Жеміс»

Мың бір мысал • Бүгін, 11:30

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 11:30

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Бүгін, 11:20

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • Бүгін, 11:10