Оқиға • 02 Желтоқсан, 2024

Астанада екі жеңіл көлік соқтығысты

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада екі көшенің қиылысында екі жеңіл көлікт соқтығысты. Салдарынан бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада екі жеңіл көлік соқтығысты

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға бүгін, 2 желтоқсанда таңертең Жошы хан мен Кекілбаев көшелерінің қиылысында болған.

«Land Rover көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде жол бермей, Лада көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Лада көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.