Оқиға • 04 Желтоқсан, 2024

«Каспий» футбол клубының бұрынғы басшысы ірі көлемде қаражат жымқырған

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Каспий» футбол клубының бұрынғы басшысы ірі көлемде қаражат жымқырған

Фото: Azattyq Ruhy

Бас прокуратураның мәліметінше, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп, осы фактіні тергеу барысында клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болған.

«Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. 03.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді», делінген хабарламада.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.