Оқиға • 06 Желтоқсан, 2024

Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Фото: Видеодан алынған кадр

Белгілі болғандай, осыдан екі жыл бұрын 34 жастағы ер адам Тәжікстанда тойда жүргенде қонақтардың бірімен жанжалдасып, оны жарақаттап, мерт қылған.

Ер адамның пробациялық бақылауда болғаны, бірақ 2023 жылы елден кеткені анықталған. Осы жылдың қараша айында оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Осыдан кейін полицейлер оны Қазақстан астанасындағы сауда орталықтарының бірінен тауып, ұстаған.

«Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, онда экстрадициялау туралы шешім қабылданғанға дейін болады. Кейіннен ол Тәжікстанның қылмыстық іздестіру органдарына берілетін болады», деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.