
Фото: Ашық дереккөз
4,9 млрд теңгені құрайтын бюджет облыстағы автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жұмсалады, ең көп қаржы 3,4 млрд теңге елді мекендердің көшелеріне жұмсалмақ. Облыстық және аудандық жолдарға сәйкесінше 760 млн және 730 млн теңге бөлінген. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, 11 жол ұйымы облыстық бағыттар бойынша қызмет көрсетеді.
«Мамандандырылған техниканың жалпы саны 131 бірлік (оның ішінде 32 шнекоротора, 9 нығыздаушы, 31 автогрейдер, 42 трактор, 2 бульдозер, 15 тиегіш). Облыстық автомобиль жолдарына 96 түрлі мердігерлік ұйым (шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер) қызмет көрсетеді. Мамандандырылған техниканың жалпы саны 395 бірлікті құрайды», деді Олжас Нұрғалиев.
Қысқы жөндеу жұмыстарына дайындық барысында жергілікті жолдардың бүкіл желісінің бойындағы бұталар мен қамыстар кесілген. Сонымен қатар ауа-райы нашарлаған жағдайда жалпы ұзындығы 2 500 мың км-ге дейін қар ұстайтын траншеяларды орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«2024 жылы ұзындығы 5 шақырым болатын «Әулиекөл-Жалдама» облыстық маңызы бар автомобиль жолының проблемалық учаскесінде қар ұстайтын құрылыстарды орнату жұмыстары аяқталды. Жергілікті маңызы бар жолдарға барлығы 13,3 шақырым осындай жүйе орнатылды», деді ол.