фото: X/laohu0418
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ли Цзяньпин Хоххот (Ішкі Моңғолия автономиялық ауданының әкімшілік орталығы, Солтүстік Қытай) техно-экономикалық даму аймағының жұмыс комитетінің хатшысы болып жұмыс істеген. Оған ұрлық және пара арқылы 3,06 миллиард юань (шамамен 426 миллион доллар) иемденді деген айып тағылды.
Қытай Халық Республикасының Жоғарғы халық сотының жолдауында көрсетілгендей, Ли Цзяньпин аты аталмаған мемлекеттік компаниядан алаяқтық жолмен 1,43 миллиард юаньнан (199 миллион доллар) астам ақшаны иемденіп алған. Сондай-ақ ол 577 миллион юань (80 миллион доллар) пара алып, 1,06 миллион юань (147 миллион доллар) жымқырған. Қаражаттың жартысын қайтару мүмкін болмады.
Пара мен ұрлықтан басқа, сотталушы «заңсыз және қылмыстық іс-әрекетте сөз байласу» үшін сотталды. Оның барлық жеке мүлкі тәркіленді.
Сот Ли Цзяньпинді 2022 жылы өлім жазасына кесті. Ол апелляциялық шағым түсірді, бірақ 2024 жылдың тамызында үкім өз күшінде қалды.
Ли Цзяньпин өлім жазасына кесілмес бұрын жақын туыстарымен кездесті.