![Екі ел Президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады](/media/2024/12/18/crop-3_0_502x795_fd5ae037-607b-457f-ba01-36fe9844a9d3.jpeg)
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Гвинея-Бисаудың ресми делегация мүшелері келесі құжаттармен алмасты:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасы Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасы Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және қауымдастық министрлігі арасындағы саяси және дипломатиялық консультациялар туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасы Көлік, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.