Әлем • 20 Желтоқсан, 2024

Мәдениет орталығы ашылды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Пәкістандағы елшілігі белгілі өнер қайраткері, Пәкіс­танның ұлттық мұра және мәдениет жөнін­дегі бұ­рынғы министрі Джамаль Шах ұйымдас­тырған «Жібек жолы» мәдениет орта­лығының сал­танат­ты ашылу рәсіміне қатысты.

Мәдениет орталығы ашылды

Аталған іс-шара Әзербайжан, Иран, Қы­тай, Ресей, Түрікменстан, Өз­бек­стан ел­ші­­­ліктерімен бірлесіп ұйымдас­тырылды.

Алқалы жиын барысында Қазақстан елшісі Ержан Қыстафин құттықтау сөз сөйлеп, өңір елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда мәдени ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени байланыстарды дамытып, нығайту жөніндегі жоспарларға тоқталды.

Елші өз сөзінде «Жібек жолы» мәдениет орта­лығының ашылуы өңір мемлекеттері арасындағы мәдени және дипломатиялық қатынастарды күшейтудің маңызды қадамы болғанын атап өтіп, еліміздің бұл бастаманы толығымен қолдайтынын мәлімдеді.

Іс-шара барысында ұйымдастырылған көрмеде келушілер Қазақстан халқының бай мәдени мұрасы, әсем табиғаты, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бейнеленген картиналар, кітаптар және фотосуреттермен танысты.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00