Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024

Арқалықта жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмай қалған

4717 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Арқалық қаласында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып, науқасқа жете алмай қалған, деп жазады Egemen.kz.

Арқалықта жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмай қалған

Фото: ТЖМ

Оқиға Арқалық қаласының Ковыльный ауылынан 25 шақырым жерде, республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автожолының учаскесінде болған. 

Қостанайдан шақырылған құтқарушылар қар құрсауында қалған жолдың бөлігін жүріп өтіп, дәрігерді жедел медициналық көмекке мұқтаж адамға жеткізген. Содан кейін науқасты жолдың жүру бөлігінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне апарған.