Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev/
«Ведомствоның көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнында жүр. Тергеп-тексеру жұмыстары аясында тиісті шаралар қабылданып жатыр», делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстанға Әзербайжан Республикасы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келіп жеткенін айта кету керек.
Барлық жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүргізіліп жатыр.
«Сондай-ақ Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компания өкілдері және CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) ұшып келеді», делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, Ақтау қаласына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия құрамында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов барды.