Фото: polisia.kz
Шымкент қаласында белгісіз ер адам такси жүргізушісіне сәлемдеме беріп, оны Түркістанда бір қыздың күтіп алатынын айтқан.
Жүргізуші басқа жолаушыларды түсіріп жатқанда сәлемдемені жерге құлатып алған. Ондағы электр шәйнектен синтетикалық есірткі салынған екі орам анықталған.
Ер адам дереу полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндірген. Жедел шаралар қабылданып, нәтижесінде сәлемдемені күткен жас қыз ұсталды.
Тергеу барысында ол есірткіні жеке қолдануға алғанын мойындаған. Ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен жауапқа тартылды.