Президент • 30 Желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Корея Республикасына көңіл айту жеделхатын жолдады

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Корея Республикасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.