Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

Сот әкімшілігінің басшысы Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот әкімшілігінің басшысы Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады

Фото: Ашық дереккөз

«Құрметті әріптестер! Сіздерді алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

2025 жыл бәрімізге жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашып, кәсібилік пен ой-санамызды арттырып, мәңгілік құндылықтардың – бейбітшілік, ізгілік және әділдіктің мызғымастығына деген сенімімізді нығайта берсін!

Өз ісімізге жауапкершілікпен қарап, табанды, нақты және іскер жұмысымызбен сот менеджментін жақсартуға бірлесе отырып, лайықты үлес қосамыз деп сенемін.

2025 жыл баршамыз үшін жаңа жетістіктер, жемісті де жеңісті жыл болсын, әр отбасына бақыт, игі бастамаларға сәттілік әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, жақсылық, амандық тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!», делінген құттықтауда.