Фото: orda.kz
Осы уақытқа дейін 8 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 4800-ге жуық полицей тартылған.
24.kz ақпаратынша, рейдтер барысында 743 құқық бұзушылық анықталған. Алыпсатарлардың басым бөлігі сертификатталмаған отшашуларды саудалаған. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды сақтауда қауіпсіздік талаптары ескерілмеген 10-нан астам дерек тіркелген. Полицейлер 84 мың дана отшашу тәркіледі.