Фото: ҰОК
ҰОК мәліметінше, алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.
Елена неміс спортшысын 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасын алға шығарды.
Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойынға шықпады. Оның орнына рейтингте 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.
Д.Мазур бірінші сетте Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.
Дегенмен, кейін Қазақстан теннисшісі камбэк жасай білді — 6:2, 6:2.
Айта кетейік, жартылай финал Аустралияның Сидней қаласында өтеді.