Төтенше жағдай • Кеше

Ертістегі оқиға: тірі қалған жолаушы оқиғаның мән-жайын айтты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталды. Көлік Ертіс өзеніндегі жардан құлап, суға батып кеткен еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертістегі оқиға: тірі қалған жолаушы оқиғаның мән-жайын айтты

Фото: облыстық ПД

Бастапқыда полиция оқиға себебі жарыс болуы мүмкін деген болжам айтқан. Алайда көліктен шығып үлгеріп, жалғыз аман қалған адамнан жауап алынғаннан кейін, қайғылы жағдайға тежеуіш пен газ педальдарын шатастыру себеп болғаны анықталды.

«Полиция мәліметінше, оқиғаға көлік құралын басқару ережесінің бұзылуы себеп болған. Қайғылы жағдай тежеуіш пен газ педальдарын шатастырудан туындаған», деп хабарлады Абай облысының Полиция департаменті.

Айта кетейік, көліктің ішінде төрт адам болған. Бір жігіт пен қыз көліктен шығып үлгерген, алайда қызды өзен ағысы алып кеткен. Кейінірек оның денесі оқиға орнынан шамамен 11 шақырым жерде, бірінші ықшам аудан маңынан табылған. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы әлі табылған жоқ, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.