Оқиға • Кеше

Астанада 20 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ сотталды

24 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласының тұрғыны кепілді автомобильдерді сатып алу және нарықтық бағадан төмен бағамен беру сылтауымен ақшалай қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 20 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ сотталды

Фото: Ашық дереккөз

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 қарашадағы үкімімен Я. алаяқтықтың 5 эпизоды бойынша, яғни 2024 жылдың 16 наурызы мен 10 маусымы аралығындағы кезеңде кепілді автомобильдерді сатып алу және нарықтық бағадан төмен бағамен беру сылтауымен бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет ірі мөлшерде жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырғаны (ҚК 190-бабы 3-бөлінің 1,4) тармақтары) үшін кінәлі деп танылған», делінген хабарламада.

Сотталған 3 жәбірленушіге келтірілген залал сомасы ірі мөлшерді құрамайды және арыздары сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) заңсыз тіркелген деп санап, үкімге апелляциялық тәртіппен шағым келтірген. Сондай-ақ жазаны жеңілдету сұралған.

Алайда, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалған.

«Я.-ға қатысты қылмыстық істі бірінші сатыдағы сот қысқартылған тәртіппен қараған, себебі ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында да, сотта да өз кінәсін мойындаған. Іс бойынша дәлелдемелерге, сондай-ақ залал сомасына дау айтпаған. Оған осы іс жүргізу әрекетінің құқықтық салдары түсіндірілген. Бұл ретте оның құқықтарын бұзуға немесе нұқсан келтіруге жол берілмеген, сот ҚПК-нің 382-бабының талаптарын сақтаған. Тергеп-тексеру барысында ҚПК талаптарын бұзуға жол берілмеген, сот жәбірленушіге келтірілген залалдың сомасын өтеу жөнінде шаралар қабылдамағанын ескере отырып, әділ және іс-әрекетіне мөлшерлес жаза тағайындаған», деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Сот актілері заңды күшіне енді.