05 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №6-1/321

313 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
2014 жылғы 25 маусым, Астана қаласы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 6-бабының 15-8) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мелиорация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы №6-1/321 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жағдайы туралы ақпараттық деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) құру және жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Деректер банкін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi құрып, жүргізеді және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ұсынады. 3. Деректер банкі ауыл шаруашылығы жерлерінің топырағын агрохимиялық зерттеп тексеру нәтижелерімен толықтырылатын, республика топырағының агрохимиялық мониторингі үшін негізгі база болатын электрондық ақпараттық деректер базасы болып табылады. 4. Деректер банкі жұмыс (жер) учаскесі, шаруашылық, аудан, облыс және республика деңгейінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді кешенді агрохимиялық зерттеп тексеру нәтижелерін енгізуге, сақтауға, талдауға және жинақтауға арналған. 5. Деректер банкін құру үшін ағымдағы және анықтамалық материалдар бастапқы деректер болып табылады. Ағымдағы материалдар әр танаптың мекен-жайлық деректерін, әр жер учаскесін талдау кезінде алынатын агрохимиялық жай-күй жөніндегі деректерді қамтиды. Анықтамалық материалдар жер, топырақ, ауыспалы егіс түрлерін, облыстар, аудандар, әр аудандағы жерді пайдаланушылар тізімін, агрохимиялық зерттеп тексеру әдістерін, қоректік заттар маңызы бойынша топтар шекараларын қамтиды. 2. Деректер банкін құру мен жүргізу тәртібі 6. Деректер банкін құру ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеп тексеру барысында алынған топырақтық, агрохимиялық, экология-токсикологиялық, топырақтық-эрозиялық, топырақтық-мелиоративтік, геоботаникалық, фитосанитарлық, өзге де арнайы зерттеу және іздеу материалдары мен деректерін жинау, өңдеу, жинақтау, талдау арқылы жүзеге асырылады. 7. Деректер банкін құруға негіз болып табылатын құжаттар: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруашылық топырағын агрохимиялық зерттеп тексерудің танаптық ведомості; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша топырақтың агрохимиялық жай-күйі бойынша жиынтық талдамалық ведомость. 8. Деректер банкін жүргізу: 1) агрохимиялық зерттеп тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді енгізуді; 2) бастапқы деректерді өңдеуді, топырақты агрохимиялық зерттеп тексеру нәтижелерін жинақтауды, шығарылым нысандарын қалыптастыруды; 3) енгізілген мәліметтерді өзектілеуді (жаңартуды); 4) агрохимиялық картограммаларды алуды; 5) жүргізілген агрохимиялық зерттеп тексерулер бойынша агрохимиялық очерктер құрастыруды қамтиды. 9. Мекенжайлық және агрохимиялық деректерді сақтау үшін жыл сайын жаңа файл құрылады. Анықтамалық деректер бір рет енгізіледі және жыл сайын тиісті жылғы желтоқсанда өзектендіріледі. 10. Ағымдағы деректер шаруашылық топырағын агрохимиялық зерттеп тексерудің танаптық ведомості түрінде ұсынылады, ол жерді пайдалану, танаптың кадастрлық нөмірі мен алқабы, топырақ түрі, элементарлық учаскелер нөмірлері, ауылдық округ, аудан, облыс туралы ақпаратты қамтиды. Шаруашылық топырағын агрохимиялық зерттеп тексерудің танаптық ведомості жұмыс және элементарлық учаскелердің нөмірлері жерді пайдалану шегінде толассыз, барлық бағандар мен жолдар толтырылады. 11. Шаруашылық топырағын агрохимиялық зерттеп тексерудің танаптық ведомості деректері негізінде әр зерттеп тексерілген жер учаскесінің меншік иесіне және (немесе) жер пайдаланушыға топырақтың агрохимиялық жай-күйі бойынша жиынтық талдамалық ведомость құралады. Толтырылған топырақтың агрохимиялық жай-күйі бойынша жиынтық талдамалық ведомость талдау деректерін деректер банкіне енгізу үшін қажет. 12. Деректер банкінің шығарылым нысандары: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша топырақтың агрохимиялық жай-күйі бойынша паспорттық ведомость; осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеп тексерілген алқаптарды өсімдіктердің негізгі қоректік элементтері маңызы бойыша бөлу ведомості; осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеп тексерілген алқаптарды микроэлементтер мен ауыр металдар маңызы бойыша бөлу ведомості; осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеп тексерілген алқаптарды қышқылдық дәрежесі бойыша бөлу ведомості. 14. Деректер банкіне енгізілген, коды бар файлдар түрінде базаларда сақталатын топырақты агрохимиялық зерттеп тексеру нәтижелері жүргізілген агрохимиялық зерттеп тексерулер бойынша агрохимиялық картограммалар мен агрохимиялық есептіктер құру үшін негіз болып табылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Шаруашылық топырағын агрохимиялық зерттеп тексерудің танаптық ведомості Шаруашылық атауы ________________________________________________ Облыс (кадастрлік нөмір) ______________________________________________ Аудан (кадастрлік нөмір) ______________________________________________ Ауылдық округ ____________________________________________________ Шаруашылық бойынша жалпы зерттеу алқабы ______________________ гектар Топырақ зонасы ________________________ Зерттеп тексеру күні __________________ Құрастырған _________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), лауазымы) Үлгіні тіркеу нөмірі Бригада, танап нөмірі Алқабы, гектар Элементарлық учаскенің нөмірі Өсірілетін дақыл Өнімділігі, гектардан центнер (алдыңғы жылғы) Топырақтың түрлілігі (топырақ түрі) Жалпы алқабы _____________________________ гектар Шаруашылық туралы мәліметтер _______________________________________ ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (шаруашылықтың өндірістік бағыты, климаты мен рельефі, географиялық орналасуы, топырақтың физикалық-химиялық қасиеттері) Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Облыс__________________________________ Аудан __________________________________ Шаруашылық, ауылдық округ______________ Зерттеп тексеру жылы ____________________ Топырақтың агрохимиялық жай-күйі бойынша жиынтық талдамалық ведомость Нөмір _____ мен нөмір _____ аралығындағы үлгілер Үлгі Танап N P2O5 K2O Қара-шірік, пайыз рН S Cu Zn Co Mn миллиграмм килограмм топыраққа миллиграмм килограмм топыраққа 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Зерттеп тексеру жүргізген: _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), лауазымы) N P2O5 K2O Қарашірік рН S Cu Zn Co Mn Талдау жүргізген (тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын растайтын құжатта болған жағдайда), лауазымы) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Облыс __________________________________ Аудан __________________________________ Шаруашылық, ауылдық округ _____________ Зерттеп тексеру жылы ____________________ Топырақтың агрохимиялық жай-күйі бойынша паспорттық ведомость Реттік № Танап Алқап, гектар Топы-рақ түрі Жеңіл ыды-райтын азот Жыл-жымалы фосфор Ауыс-палы калий Қара-шірік Қыш-қыл-дығы Күкірт Мыс Мырыш Кобальт Марганец милли-грамм кило-грамм топы-раққа маңызы бойынша топ милли-грамм кило-грамм топы-раққа маңызы бойын-ша топ милли-грамм кило-грамм топы-раққа маңызы бойынша топ пайыз маңызы бойын-ша топ рН топ милли-грамм кило-грамм топы-раққа маңызы бойын-ша топ милли-грамм кило-грамм топы-раққа маңызы бойын-ша топ милли-грамм кило-грамм топы-раққа маңызы бойын-ша топ милли-грамм кило-грамм топы-раққа маңызы бойын-ша топ милли-грамм кило-грамм топы-раққа маңызы бойын-ша топ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан _______________ облысы бойынша зерттеп тексерілген алқаптарды өсімдіктердің негізгі қоректік элементтері маңызы бойынша бөлу ведомості Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Қарашірік маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, пайыз 4-тен артық емес 4-6 6-дан артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Жеңілыдырайтын азот маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 40-тан артық емес 40-50 50-ден артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Жылжымалы фосфор маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 15-тен артық емес 15-30 30-дан артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Ауыспалы калий маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 200-ден артық емес 200-300 300-ден артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан _______________ облысы бойынша зерттеп тексерілген алқаптарды микроэлементтер мен ауыр металдар маңызы бойынша бөлу ведомості Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Марганец маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 10-нан артық емес 10-20 20-дан артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Мырыш маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 2-ден артық емес 2-5 5-тен артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Мыс маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 0,2-ден артық емес 0,2-0,5 0,5-тен артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Кобальт маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 0,15-тен артық емес 0,15-0,3 0,3-тен артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Күкірт маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 6-дан артық емес 6-12 12-ден артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Қорғасын маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 30-дан артық емес 30-60 60-тан артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Аудан Зерттеп тексерілген алқап, гектар Никель маңызы төмен орташа жоғары топтар шегі, миллиграмм килограмм топыраққа 80-нен артық емес 80-160 160-тан артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Барлығы облыс бойынша Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларына 6-қосымша Нысан _______________ облысы бойынша зерттеп тексерілген алқаптарды қышқылдық дәрежесі бойынша бөлу ведомості Аудан Зерттеп тексе-рілген алқап, гектар Топырақтың қышқылдық дәрежесі өте қыш-қыл қатты-қышқыл орта қышқыл төмен-қышқыл бей-тарап төмен-сілтілі орта-сілтілі қатты-сілтілі өте қатты-сілтілі топтар шегі, рН 5,0-ден артық емес 5,1-5,5 5,5-6,0 6,1-6,5 6,6-7,3 7,4-7,9 8,0-8,5 8,6-9,0 9,0-ден артық гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз гектар пайыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 18 20 Барлығы облыс бойынша Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9618 болып енгізілді.