Фото: Ашық дереккөз
Жалпы жиналыста кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын, оның ішінде тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері үшін жарна сомасын бекіту туралы шешім қабылданған. Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.
«Жоғарғы Сот сот актілерін кассациялық қарау кезінде бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының нормаларына қайшы келетін бірқатар елеулі мән-жайларды есепке алмағанын анықтады.
- Заңның 42-1-бабының 1-тармағын бұза отырып, тұрғын емес үй-жайларға тарифті бекіту туралы шешімді меншік иелерінің көпшілігі іс жүзінде қолдамаған;
- Жазбаша сауалнама заңда белгіленген мерзімдерді бұза отырып, Заңның 42-2-бабының 3-тармағын сақтамай жүргізілген;
- «Тарифті көтеру туралы» күн тәртібіндегі бірінші отырысқа дейін де, қайталама отырыстан кейін даулы хаттамалық шешім қабылданған», делінген хабарламада.
Нәтижесінде істің нақты мән-жайлары бұрмаланып, Серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы заңсыз сот актілерінің күшін жойып, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы жарамсыз деп танылған.