
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда жапа шегушінің құрбысы осылай деп дабыл қаққан.
- Аталған мекен-жай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшілігіндегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев аттанды. Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапты. Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді, деп жазылған хабарламада.
Дәрігерлер жағдайды тұрақтандыра алғаны, қазір зардап шегушінің жалпы бөлімге ауыстырылғаны нақтыланды.