
Фото: es.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, осы кезең аралығында жолда қалған 1 468 адам, оның ішінде 149 бала құтқарылған. 208 техника қар құрсауынан шығарылған.
Аталған министрлік қыс мезгілінде жүргізушілерді «112» хабарламаларына құлақ асуға шақырады.
Егер көлікпен боранды күні жолда қалып қойса мынадай әрекеттерді жасау керек:
1. Тұманға қарсы шамдарды, дабылды қосыңыз;
2. Кедергілер пайда болған жағдайда ең қауіпсіз тоқтау үшін жылдамдықты біртіндеп төмендету керек. Алда келе жатқан көлікпен арақашықтықты сақтаңыз және басып озу маневрлерін жасамаңыз;
3. Бұрқасын, боран кезінде, алдағы жол көрінбесе, мүмкіндігінше, ең жақын қауіпсіз жерге (жанармай құю бекеті, дәмхана, шина монтаж пункті, кемпинг) жеткен дұрыс. Қауіпсіз орынды тапқанда жол жиегіне тоқтамаңыз;
4. Көлік өздігінен қозғалмаса, көмексіз шыға алмайтыныңызды түсінсеңіз, дереу «112» немесе «102» жедел телефондарына қоңырау шалыңыз.