
Өлім жазасына кесілген бірінші адам 21 жастағы Сюй Цзяцзинь болды. 2024 жылдың 16 қарашасында ол Цзянсу провинциясы Исин қаласындағы Уси Кәсіптік өнер және технология колледжінде сегіз адамды пышақтап өлтіріп, 25 адамды жаралады. Полицияның мәліметінше, қылмыскер 2024 жылғы колледж түлегі болып шықты. Ол мұндай әрекетке емтиханнан сүрінгеннен кейін барған.
Екінші өлім жазасына кесілген Фан есімді 62 жастағы ер адам. 2024 жылы 11 қарашада Чжухай қаласында ол «Чжухай» спорт орталығындағы жүгіру жолында жол талғамайтын көлікпен жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Салдарынан 35 адам қаза тауып, 43 адам жарақаттанды.
Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, екеуі де 2024 жылдың желтоқсанында өлім жазасына кесілген.