
Фото: ҰҚК
Хабарланғандай, 18 қаңтарда Түркістан облысының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге әрекеттенгені үшін ұсталған.
Жалпы жыл басынан бері шекарашылар жалған және басқалардың төлқұжаттарын пайдаланудың 16 фактісін анықтаған.
Естеріңізге сала кетейік, жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.