Әлем • 23 Қаңтар, 2025

Лос-Анджелесте тағы өрт шықты

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбі күні Лос-Анджелестің солтүстігіндегі орман өрті қатты жел мен құрғақ өсімдіктердің салдарынан тез арада 38 шаршы шақырымнан астам аумаққа тараған. Жергілікті билік 31 мыңнан астам адамды эвакуациялау туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лос-Анджелесте тағы өрт шықты

Фото: Daily Mail

Өрттің жақын жерде орналасқан атом электр станциясына ауысу қаупі биліктің  алаңдатып отыр.

Қалада 7 қаңтардан бері жалғасып жатқан өрт бақылауға алынған. Ресми ақпарат бойынша осы уақытқа дейін 2 адам қаза тапқан.

Айта кетейік, Лос-Анджелестің шығысындағы 57 шаршы шақырым (23 шаршы миль) Итон өртінің 91 пайызы ауыздықталған, ал қаланың батысындағы 95 шаршы шақырым (37 шаршы миль) Палисадес өрті 68 пайызға оқшауланған.