
Фото: Atyrau ONLINE телеграм арнасы
Атырау облысының құтқарушылары хабар-ошарсыз кеткен 1968 жылғы азаматтың мәйітін Жайық өзенін тапты.
Марқұмды іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 9 құтқарушысы жұмылдырылып, 5 техника, 2 жүзу құралы мен 1 дрон тартылған.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары Жайық өзенінің Атырау қаласындағы Жұмыскер елді мекені тұсында жүргізілді. Сүңгуірлер 22 қаңтарда сағат 17:00-ден өзеннің түбін сүзуді бастады. Кеше кешкі 19:35-те ер адамның мүрдесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», делінген облыстық ТЖ департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы таратқан хабарламада.