Заң • 24 Қаңтар, 2025

Оттық сатқандарға айыппұл салынады

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Мемлекеттік Думасы кәмелетке толмағандарға оттық, баллон және басқа да қауіпті газы бар өнімдер сатқаны үшін айыппұл салатын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оттық сатқандарға айыппұл салынады

Фото: pixabay.com

Құрамында газы бар тұрмыстық бұйымдарды балаларға (тізбесін үкімет белгілейді) сатқаны үшін заңды тұлғаларға 600 000 рубль (шамамен 6 мың АҚШ доллары), лауазымды тұлғаларға 300 000 рубль (шамамен 3 мың АҚШ доллары), жеке тұлғаларға 60 000 рубль (шамамен 600 АҚШ доллары) айыппұл салынады. 

Заң 2025 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енеді.

Ресей үкіметінің мұндай шешім қабылдауына бірнеше факті себеп болған. 2016-2023 жылдары Ресейде құрамында газы бар өнімдерден уланып, 817 бала мен жасөспірім қайтыс болды. 2023 жылы 77 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, оның 33-і 14 жасқа толмаған.