Қоғам • 24 Қаңтар, 2025

Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысы келесі аптада жариялануы мүмкін

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысы келесі аптада жариялануы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

«Ұшақ апатында қаза тапқан азаматтардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жоспар бойынша 5 млн-нан төленуі тиіс болған. Жерлеу рәсімі мен мәйітті тасымалдау жұмысы әкімдерге жүктелді. Алдағы аптада демеушілердің есебінен тағы да көмек көрсетіледі», деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, қазір зерттеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

«ИКАО-ның талабына сәйкес, бір айдың ішінде тергеудің алдын ала қорытындысы жариялануы керек. Келесі аптада Көлік министрлігі тиісті ақпаратты жариялайды», деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.