Тағайындау • 24 Қаңтар, 2025

ШҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып Ерлан Текешов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ерлан Хасенұлы – Шығыс Қазақстанның тумасы. Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін тәмамдаған.

Ол әр жылдары геолог, сауда және қызмет көрсету департаментінің штаттан тыс инспекторы, ШҚО әкімі аппаратының «Іс басқармасы» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметтерін атқарған.

Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, құрылыс бөлімін басқарған. Кейін Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымын атқарған. 

Сондай-ақ Ерлан Текешов Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Тарбағатай ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында жұмыс істеген.

 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше