Оқиға • 27 Қаңтар, 2025

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Райымбек даңғылында  үш көлік соқтығысып, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды. 

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша,  жол-көлік оқиғасы бір күн бұрын сағат 23:45-те Алатау ауданында болған.

«Тойота фургонының жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан екі Hyundai көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан микроавтобус  аударылып қалды», деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілген. Алатау аудандық полиция бөлімі жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.