![Мүгедек жандар үшін өте қолайсыз жайттар бар - депутат](/media/2025/01/29/photo-9.jpg)
Фото: parlam.kz
Депутаттың айтуынша қоғамдық көлік жолақысында кейбір өңірлерде жеңілдік мүлдем қарастырылмаған. ІІ–ІІІ топ мүгедектеріне жеңілдік жасалса деген ұсынысты ескерген бір адам жоқ.
«Өзбекстанда жалғызбасты қарттарға және бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы беріледі. Ал Қырғызстанда I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдар қоғамдық көлікте тегін жол жүруге құқылы», деген депутат тағы бірнеше осындай мысалдар келтіріп, ал, Қазақстанда басқаша екенін айтты.
«Алматы мен Павлодарда екінші топтағы мүгедектер үшін тегін жол жүру және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Қарағандыда бірінші топтағы мүгедектер үшін ғана тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Әр өңірде әр түрлі, бір жүйелілік жоқ. Бір қаладан екінші қалаға тегін қатынау не мүгедекке, не оның көмекшісіне де жоқ», деді Таңсәуле Ғабдыманапұлы.
Осы және басқа да мәселелер мүмкіндігі шектеулі жандар туралы заңнамаларға өзгерту енгізу қажеттілігін туындатып отырғанын тілге тиек еткен депутат осы орайда бірнеше ұсыныстарын айтты:
«1. Еліміз бойынша бірдей 2-3 топтағы мүгедектер үшін де қоғамдық көлікте арнайы жеңілдіктер қарастыру. Кейбір қалаларда пайдаланылатын жеңілдікті электрондық жол жүру карталары бойынша қолда бар деректерді біріктіру арқылы Қазақстан бойынша бірыңғай көлік картасын енгізу.
2.Мүгедектігі бар жандарға арнайы бейімделген автокөліктерін шығару және мемлекеттің қолдауымен арнайы бағдарламамен жеңілдетілген автонесие беру жолдарын қарастыру.
3.Барлық санаттағы мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету», деп аяқтады сауалын Таңсәуле Серіков.