Тағайындау • 30 Қаңтар, 2025

Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асхат Есеев Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: Абай облысының әкімдігі

Асхат Қайыржанұлы Есеев 1984 жылы 13 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалының зертханасында инженер ретінде бастаған.

2020 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас инспекторы.

2023 жылдан 2024 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің аймақтық инспекторы.

2024 жылдан 2025 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің аймақтық инспекторы болған.

 

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35