Оқиға • 31 Қаңтар, 2025

Қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде бір мезгілде ҚР-ның және басқа мемлекеттің азаматтығы бар 91 адамның шекарадан өтпек болғанын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған

Фото: Ашық дереккөз

Құқық бұзғандардың басым бөлігі шетел азаматтары.

«ҰҚК Шекара қызметі отандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады. Бұдан өзге, қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз болады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылы Мемлекеттік шекарада 1190 қос азаматтық фактісі анықталған.