Оқиға • 31 Қаңтар, 2025

Жаңа туған сәбиін тастап кеткен алматылық әйел ұсталды

804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тұрғындары нәрестені Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан тауып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа туған сәбиін тастап кеткен алматылық әйел ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Жедел жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, сәбидің дүниеге келгеніне бір-екі сағат қана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылған.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыздың анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталып, медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Бұған дейін жаңа туған сәбидің тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен табылғанын хабарлаған едік.