
30 қаңтарда трек iTunes Top 100 рейтингінде ортада болып, 32-ші орынға жетті. Amazon-да «Best Sellers in Songs» санатында бұл ән үздік ондыққа кірді. Ал «Best Sellers in Pop» категориясында ән рейтингте бірінші орын алды.
«Smoke» әні 2024 жылдың 26 сәуірінде шыққан. Шығарманың композиторы – Димаштың өзі, мәтіннің авторлары – Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.
Сондай-ақ Димаш «Love’s not over yet» әнінің премьерасы 7 наурызда болатынын хабарлады. Оны композитор және продюсер Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық авторлар ұжымы дайындаған.