
фото: ҰҚК баспасөз қызметі
2025 жылдың басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
«Нәтижесінде 8 Калашников автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната және әртүрлі калибрлі 1521 патрон табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.
Аталған қарудың төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.
Аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.